Перудегі жантүршігерлік жол апаты 30 адамның өмірін қиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перудің оңтүстігіндегі Арекипа провинциясында сәрсенбі күні жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат EFE агенттігіне сілтеме жасап.

Күре жолда жоғары жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып, жыраға түсіп кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 30 адам қаза тауып, тағы 17-сі зардап шеккен.

Құтқарушылардың айтуынша, көз жұмғандар саны артуы мүмкін.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар