Перуде қуатты жер сілкінісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перудің орталық бөлігінде 5,6 магнитудалық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) хабарлады, деп жазады Риа Новости.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша, сағат 11-51-де Сатипо қаласынан солтүстікке қарай 62 км қашықтықта тіркелді. Бұл ел астанасы Лимадан 311 км жерде орналасқан.

Зілзаланың ошағы 740 км тереңдікте тіркелді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Елдің орталық бөлігіндегі кейбір аудандарда телефон байланысы үзілген.

Осыған дейін Филиппинде қуаты жер сілкінісі болып, президент сарайындағылардың эвакуацияланғаны жазылған еді.

Соңғы жаңалықтар