Пентагон Сириядағы әскери базаға жасалған авиасоққының видеосын жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия үкіметтік әскері базасында Жерорта теңізінде АҚШ ӘТК кемесінен шыққан «Томагавк» қанатты зымыранының соққылары  түсірілген  видеожазбаны жариялады. 

АҚШ авиасоққысының мақсаты Хомс провинциясындағы Шайрат аэродромы, деп жазды Коммерсант.ру.

Губернатор Хомса Таляль Барази  АҚШ соққысынан кейін сириялық авиабазада екі сағаттан астам уақыт өртпен күресіп жатқанын, құтқару операциялары жүріп жатқанын айтты.   Губернатор сондай-ақ соққыдан адам шығыны болмағанын қосты.   

Бүгінгі соққы АҚШ-тың Сирия үкіметтік әскері мен президент Башар Асад айыпталған Идлиб провинциясына жасалған химиялық шабуылға жауап болды. Онда 80 адам шабуыл құрбанына айналған еді.

 

Соңғы жаңалықтар