Пентагон Charlie Hebdo шабуылына қатысушының көзін жойғанын хабарлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ ӘӘК ұшқышсыз ұшағы Charlie Hebdo редакциясына шабуылдауға қатысқан «Ислам мемлекеті» содырының көзін жойды, деп хабарлады The Assocated Press сілтеме жасап РБК.

Әңгіме  Бубакере әл-Хакиме жайында. Ол  ИГИЛ жетекшілерінің бірі. Әскерилер   Әл-Хаким 2015 жылғы қаңтарда  Париждегі Charlie Hebdo сатиралық басылымы редакциясына шабуылдауды жоспарлады деп санайды.    Олардың пікірінше, ол журнал редакциясына басып кірген лаңкестердің басшысы болған.

Ол сондай-ақ, ведомство деректеріне сәйкес, шетелде ИГИЛ идеяларын насихаттаған. Ол өткен айда лаңкестер Ислам мемлекетінің астанасы деп санайтын  Раккеде өлтірілгені хабарланады.

Соңғы жаңалықтар