Педофилдерге химиялық кастрация қалай жасалады- прокуратура жауабы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратурада өткен жиында химиялық кастрациялауды жүргізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында химиялық кастрациялауды жүргізу туралы заңнамалық толықтырулардың қолдану және қылмыстық-атқару жүйесі мен денсаулық сақтау қызметтерінің аталған процедураны жүргізуге әзірлігінің жай-күйі талқыланды.

«Химиялық кастрациялау тек соттың үкімімен сот-психиатриялық сараптаманың қортындысы бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарына бейім деп танылған  тұлғаларға ғана қолданылатын болады.

Андрогенді дәрі инъекциялары бас бостандығын айырылған азаматтарға жазасын өтеу мекемелерінде, ал өзге жаза түрлеріне сотталғандарға  - денсаулық сақтау мекемелерінде жүзеге асырылатын болады», - делінген баспасөз баянында.

Мемлекеттік органдар өкілдері химиялық кастарциялау процедураларын жүзеге асыруға дайын екеніндігін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енген болатын. 

Соңғы жаңалықтар