Павлодарлықтар сенбілікте 40 мыңнан астам көшет отырғызды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жалпықалалық сенбілік аясында тоғыз гектарға қарағай отырғызылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Жетекші ауылында бір апта бойы 40 мыңнан астам қарағай көшеті егілді.

Мамандардың айтуынша, «Ертіс орманы» резерваты орман тәлімбағынан алынған көшеттердің өніп кетуі 80 пайыз. 5-6 жылдан кейін бұл ағаштардың биіктігі 50 сантиметрге дейін жетеді.

«Бірнеше жылдан кейін бұл жер үлкен орманға айналады», - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.
null   

«Жыл сайын сәуір айында келіп, көшеттердің қалай өсіп жатқанын көруді дәстүрге айналдырайық. Алғашқы кезеңде қарағайлар суарылып, күтілетін болады. Бұдан басқа, топыраққа сіңісіп кетпегендері жаңаларына ауыстырылады». 

nullПавлодардың айналасындағы белдеуден басқа, сенбілік кезінде қаланың аумағы абаттандырылады. «Горзеленстрой» ЖШС кәсіпорындар мен оқу орындарына, ПИК-терге 500-ге жуық көшет ұсынды. Сонымен қатар Усолка шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер жүретін жерге 200 ағаш егілді.
Облыс орталығында мыңға жуық көшет отырғызылады.

«Қоқысты жинастыру үшін 45 техника мен 115 жүк көлігі бөлінді», - деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Зікрия Сұлтангазинов.

null«Біздің кәсіпорындар ағаштар мен аялдама павильондарын әктеп, белгілер қойылады».

Еске сала кетейік, бұл көріктендіру және санитарлық айлық бойынша өткізіліп отырған үшінші сенбілік. Келесі аптада тағы бір сенбілік күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар