Павлодарлықтар көктемде болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындалуда

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында наурыз айы су тасқынына дайындық айы деп жарияланады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Павлодар облысында 1-31 наурыз аралығы су тасқыны кезеңіне дайындық айы деп жарияланды, деп хабралайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айлық туралы өңір басшысының бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғановтың төрағалығымен өткен төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында белгілі болды.

Павлодар облыстық ТЖ департаментінің ақпараты бойынша, өңірде қардың қалыңдығы орташа есеппен алғанда 26 сантиметрді құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда сегіз сантиметрге көп. Сонымен қатар, өңірдегі барлық елді мекендерден 1,2 миллион тоннаға жуық қар шығарылған.


«Қалалар мен аудандарда 54 мың ыдыс-қап, 8 мың тоннадан астам инертті материал дайындалды, - деп атап өтті ведомство басшысы Әлібек Длимов.

«Павлодар, Железинск, Лебяжинск, Майский және Шарбақты аудандарында азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша келісімшарттар жасалды. Тұрғындарды эвакуациялауға арналған 154 уақытша тұру бекеті анықталды. Бұл орындар білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет үйлері нысандарынан қарастырылды».

Соңғы жаңалықтар