Павлодарлықтар Елбасының сүйікті әндерін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда Естай атындағы мәдениет сарайында Тұңғыш Президент күніне орай ауқымды мерекелік шара өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мерекелік кеш өңірімізде 10 жыл бұрын құрылып, бүгінде Иса Байзақов атындағы филармония құрамында өнер көрсететін «Нұр» тобының биімен ашылды.

Жергілікті және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерт Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті әндерін орындаумен жалғасын тапты. Сахна төрінде «Маралды», «Ақсиса», «Баянауыл-ай», «Надежда», «Весна на Заречной улице», «Старый клен» сынды әндер шырқалды.

Кейбір туындыларды көрермендер үлкен экранда Елбасымен бірге орындады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Төлеген Мұхамеджанов пен Алтынбек Қоразбаев сынды белгілі қазақстандық композиторлардың шығармашылығы қалың қауымға тарту етілді. 

 

Алғаш рет павлодарлықтар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен құрылған астаналық «Қасиет» музыкалық ұжымының өнерін тамашалады.

Ал, Естай атындағы мәдениет сарайының төрінде халық әртісі, мемлекеттік премияның лауреты, Жамбыл атындағы мемлекеттік қазақ филармониясының солисті Нұрғали Нүсіпжановтың ән шырқауы көрермендерге тосын-сый болып, жоғары көңіл күй сыйлады.

«Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтау мәртебесіне ие болғаным үшін қуаныштымын. Әр отбасыға амандық пен шаттық, Елбасыға денсаулық тілеймін», - деді халық әртісі.  

Соңғы жаңалықтар