Павлодарлықтар Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Павлодарлық жомарт жандар Ақтөбе облысында орын алған су тасқынынан зардап шеккен отандастарына көмек қолын созуда. 

Бұл туралы Естай атындағы мәдениет сарайы директорының орынбасары Замира Солтан мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Отандастарымыз ауыр халге тап болғанда бір жеңнен қол шығарып, жақсылық жасау азаматтық борышымыз деп білеміз. Көмек жинау туралы кеше кешке әлеуметтік желілерде хабарлама таратқан болатынбыз. Қазіргі уақытқа дейін жүздеген адам қоңырау шалып, көмектесуге ниетті екендерін айтты. Олардың ішінде мешіттер, ауылдық жерлердегі шаруа қожалықтары, белді кәсіпкерлер де бар. Негізінен бұзылмайтын азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар мен ақшалай көмек қабылданады. Мүмкін болған жағдайда көмекті ақшалай беруді көздеп отырмыз. Себебі ақтөбеліктер бұл қаражатқа өздеріне керекті құрылыс материалдарын немесе басқа да қажеттіліктерін сатып ала алады», - деді Замира Солтан.

Айта кетейік, көмек бір апта бойы Естай атындағы МС-да қабылданады. Жуық арада көмектің алғашқы легі Ақтөбеге жіберіледі.  

Соңғы жаңалықтар