Павлодарлық жаралы жапалақты қанатына сым тағып құтқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сердца Павлодара» қоғамдық қоры қанаты сынған жапалақты құтқарды, деп хабарлайды pavlodarnews.

Жаралы құсты тауып алған Качир ауданының тұрғыны бірден «Сердца Павлодара» қоғамдық қорымен байланысқа шыққан. Кейін жапалақты Павлодардағы ветеринарлық клиникалардың біріне тексертіп, қанатына сым тағып, ота жасаған. Ота сәтті өтті.

«Құсты Фил деп атадық. Оның көлемі көгершінмен бірдей. Жуық арада Новосібірдегі жыртқыш құстардың арнайы оңалту орталығымен хабарласамын. Фил қазіргі уақытта жақсарып қалды», - дейді «Сердца Павлодара» қоғамдық қорының төрайымы Мария Гребенкина.

Айта кетейік, «Сердца Павлодара» қоғамдық бірлестігінің бұл алғашқы құтқарған құсы емес. Өткен жылдың қыркүйегінде қор қызметкерлері жас бүркітті тауып алған. Жарақаты болған бүркітті кейін жергілікті бүркітшілер алып кеткен.

Соңғы жаңалықтар