Павлодарлық жалға алған пәтерін тонап кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында ер адам жалға алған пәтерді тып-типыл тонап кеткен. Алайда тәртіп сақшылары ұрыны бірден қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық ІІД-не сілтеме жасап.

Анықталғандай, Павлодар қаласының тұрғыны ер адамға үш тәулікке пәтерді жалға берген.

«Бірнеше күн өткен соң өз үйіне қайтып келген пәтер иесі тоңазытқыш, шаңсорғыш, жылытқыш, шәйнек секілді тұрмыстық техникалардың жоқтығын анықтаған. Әйел адам бірден полицияға хабарлаған», - делінген Павлодар облыстық ІІД-нің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі хабарламада.

Ұры алысқа ұзамапты. Полицейлер қылмыстың ізін суытпай 38 жастағы облыс орталығының тұрғынын анықтап, қолға түсірген. Ол жалдамалы пәтерде бір күн тұрып, барлық тұрмыстық техникаларды ұрлап әкетіп, сатып жіберген.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар