Павлодарлық төрт жасар бала үш тәулік бойы шұңқырда жатқан

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық үш жасар Артур өзінің төртке толған туған күнін шұңқырда қарсы алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ол бірнеше күн бойы нәр татпаған және қатты салқын тиген, деді бүгін облыстық балалар ауруханасында. Балаға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

null  

Кішкентай Артур ата-анасынсыз далада жүрген. Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің ақпараты бойынша, оның анасы бұл уақытта алкогольдік ішімдік ішкен. Бүлдіршін қала сыртындағы терең шұңқырға түсіп кетіп, шыға алмаған. Полиция, кинологтар мен 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оны тек бүгін, таңғы сағат тоғызда тапты. Бала  кеше терең шұңқырда болған кезінде төрт жасқа толды.

Баланың жоғалғаны туралы кеше сағат 21:00-де бүлдіршіннің өгей әкесі - анасының бірге тұратын жолдасы хабарлаған. Артурды іздеуге барлық күш тартылды. Оны таңғы сағат тоғызда әскери-техникалық мектептік автодромындағы шұңқырдан тауып, ауруханаға жеткізді.

null  

«Қазіргі таңда баланың 46 жастағы анасына қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 127-бабы «Баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ҚР ҚК 140-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау» бойынша қылмыстық істі қозғау мәселесі шешілуде. Сонымен қатар, оны ата-ана құқығынан айыру туралы материал толтырылып, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі», - деді ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

null

Соңғы жаңалықтар