Павлодарлық тасымалдаушылар жол ақысын көтеруді ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда жергілікті тасымалдаушылар жол ақысын 90 теңгеге дейін көтеру туралы қалалық мәслихат депутаттарына ұсыныс білдірді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде хабарлағандай, бүгінгі таңда АИ-92 жанармайының бір литрі 161,5 теңге, ал, дизель отыны - 174,5 теңге. 

Осыған байланысты, ТҮКШ бөлімі 1-желтоқсаннан бастап Павлодарда жол ақысын 70-тен 80 теңгеге көтеру туралы ұсынысын білдірді.

«Жанармайдың ең кемі бір литріне 160 теңге тұрады. Жол шығынына кететін жанармай құны 45 пайыз болатын, бүгінде ол 72 пайызға жетті. Тарифтің 10 пайызға өсуі жанармайдың 14 пайыз өсіміне алып келеді, сондықтан бұл жағдай жыл бойы орын алған шығынның орнын толтырмайды. Біз өтінішті 80 емес, 90 теңгеге көтеру туралы жаздық. Қазіргі жағдайда 80 теңге бізді қиыншылықтан құтқармайды. Қазақстан бойынша орташа тариф 85 теңгені құрайды», - деді «№1 Автобус саябағы» ЖШС директоры Вадим Ковальчук қалалық мәслихат комиссиясының отырысында.

Еске салайық, бұл тасымалдаушылардың қалалық депутаттарға жолдаған екінші өтініші. Бірінші рет бұл мәселе шілде айында көтерілген болатын. Осы жолғы отырыс барысында халық қалаулылары бір жақты шешімге келе алмады. Алдағы уақытта осы мәселе халық дауысына салынуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар