Павлодарлық студенттер конькимен қыз қуу ойынын көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «StudentsWinterGameChallenge» эстафетасын бастап, барлық қазақстандық жоғары оқу орындарын қатысуға шақырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Ұлттық ойындар негізінде жаңа қысқы ойынды ойлап табу. Эстафетаның бар шарты осы ғана. Біздің студенттер «Конькиде қыз қуу» ойынын мүз үстінде көрсетті. Оған 20 студент атсалысты Басқалары «конькиде теңге алу» немесе «Сноубордпен бәйге» сынды жаңа ойын түрлерін көрсете алады. Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарын бұл эстафетаны жалғап кетуге шақырамыз Бұл шараның басты мақсаты - Универсидаданың абыройын асқақтату мен жас буынды ұлттық ойынға тарту», - деп мәлім етті университеттің баспасөз қызметінде.

 Айта кетейік, XXVIII қысқы Универсиада ойындарының алауын Павлодарда 26 қаңтар күні жағады. Павлодар облысының құрметті азаматтары мен ардагер спортшылар, сондай-ақ жан-жақты дарынды студенттер алауды жағып, қала көшелерінде жүріп өтеді. 11 шақырымға созылған шараға 60 адам қатысады деп күтілуде.
"С. Торайғыров атындағы ПМУ-де сағат 10.00-де алау жағылады. Мұнда театрландырылған көрініс көрсетіледі. Мәре сағат 14.00-де «Астана» мұз сарайында өтеді деп жоспарлануда. Мұз сарайында хоккейшілер мен конькимен жүру және басқа да спорт шеберлері өнерін көрсетеді", - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев облыстық әкімдікте өткен жиында.  

 

Соңғы жаңалықтар