Павлодарлық студенттер «Игры престолов» сериалының темір тағын жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек күніне орай Павлодар түсті металлургия колледжі және Павлодар монтаждау колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша оқитын студенттері нағыз өнер туындысын - «Игра престолов» атты әлемдік телевизиялық шоудағы тақтың көшірмесін жасады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасы хабарлағандай, екі колледждің шығармашылық бірлесуінен туындаған бұйым Павлодарға сыйға тартылады және қаланың көшесінде достық пен студенттік бауырластықтың жетістіктерінің нышаны ретінде орнатылады.  

«Өндірістік оқыту шеберінің жетекшілігімен жоғарғы курстың алты студенті бес күн бойы бұл тақты жасаған», - дейді техникалық және кәсіби білім беру бөлімінің мамандары.

«Жігіттер туған қаласына ерекше сый жасауға ниеттеніп, жастар арасында үлкен танымалдылыққа ие болған «Игры престолов» сериалындағы тақты таңдап алды. Хандардың орындығын әзірлеу үшін түсті металлдың алты данасы қолданылды. Қол өнер туындысының қаланың қай жеріне орналастырылатыны әлі белгісіз.

Айта кетейік, Павлодарда Еңбек күні ресми 21-қыркүйек күні мерекеленеді.

Соңғы жаңалықтар