Павлодарлық сот қызметкерлері макулатура тапсырып, көпбалалы отбасына көмек көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, судьялары және мамандары макулатура тапсырып, көпбалалы Серғазиндер отбасына көмек көрсетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ж.Серғазина «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері. Жалғызбасты ана сегіз баласымен бір бөлмелі пәтерде тұрады. Бұдан басқа, үлкен қызы екі бүлдіршінімен де осы үйді паналап жүр. Сот қызметкерлері балалардың сабақ оқитын үстелі, тіпті осы үстелді қоятын жері де жоқ екенін анықтаған.

Сондай-ақ, пәтердегі жылу температурасы мардымсыз. Макулатураны тапсырған қаражатқа қосымша ақша қосып, мекеме қызметкерлері балаларға киім, азық-түлік және жаңа жылдық сыйлықтар алды.

«Сот қызметкерлері осы жанұяны өздерінің қарамағына алды. Енді бұл отбасыға әрдайым көмектесіп отырамыз», - деді соттың баспасөз қызметінің өкілдері.

Соңғы жаңалықтар