Павлодарлық полицейлер ірі барымта қылмысын ашты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы тергеу амалдарында полицейлер екі ірі мал ұрлығы қылмысын ашты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Барымташылар сол екі істің бірінде 13 жылқы, екіншісінде 10 жылқыны қолды қылған, деп мәлімдеді Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Бұдан мал иелеріне жалпы төрт миллион теңге зиян келтірілген. Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша іс ашылды. Қылмысы дәлелденсе, оларға жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Бұған дейін ауданда 14 бас ірі қара ұрлаған 35 жастағы павлодарлық пен Шығыс Қазақстан облысының 46 жастағы тұрғыны ұсталған болатын. Полицейлердің айтуынша, ұрлыққа көбінесе мал иелерінің шаруаға салақтығы себеп болады. Малын жайлауға жіберіп, қараусыз қалдырады. Малы жоғалған күннің өзінде алдымен өздері іздеуге кіріседі, таппаған соң ғана полицияға жүгінеді. Ал бұл ұрланған малды табу мүмкіндіктерін айтарлықтай төмендетеді.

Соңғы жаңалықтар