Павлодарлық полицейлер хронометр арқылы ХҚКО-да тіркелу уақытының ұзақтығын анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардағы тәртіп сақшылары арнайы хронометр арқылы Халыққа қызмет көрсету орталығында тіркелу уақытының ұзақтығын анықтады, деп хабарлайы pavlodarnews.kz.

 Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Баян Мағзұмова мәлім еткендей, Павлодарда өзге аймақтардағыдай дүрлігу орын алмау керек.

«Барлық полицейлер пәтерлерді аралап адамдарды тексереді деп ойламаңыздар, олай болмайды. Мұндай шаралар тоқсан сайын арнайы мерекелер кезінде ғана орын алады. Егер біреулерден пәтерде зорлық-зомбылық көрсетті немесе пәтерде шулап жатыр деген арыздар түссе, тұрғындардың құжаттары тексеріледі. Мысалы, қызы анасының үйіне қонаққа келсе, оған ХҚКО-на жүгіру міндетті емес. Негізінен тек шет ел азаматтары тексерілетін болады», - деді Баян Мағзұмова.

 ІІД-нің ақпаратына сүйенсек, ХҚКО-да тіркелу уақыты орташа есеппен 15 минутты алады. Баспасөз басшысының айтуынша, әрбір учаскелік инспектор өзіне жүктелген ауданда қанша және қандай адамдар тұратынын білу керек, сондай-ақ әр тұрғын алаяқтарға тап болып қалмас үшін өз инспекторын жақсы тану керек.

Соңғы жаңалықтар