Павлодарлық өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден газ баллондарын алып шықты
15 ақпан күні диспетчерлік қызметке қала маңындағы Мичурин және Черноярка ауылдарынан өрт жайлы екі хабар түскен. - Бірінші өрт Мичурин ауылында сағат 8.25-те болды, -деді баспасөз қызметінде. - Өртті сөндіру үшін № 35 өрт сөндіру бөлімі және № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінен үш автоцистерна шықты. 10 өрт сөндірушінің көмегімен тілсіз жау 10.25-те оқшауланып, толығымен 16.00-де жойылды. Құтқарушылар жанып жатқан үйден 50 литрлік көлемді газ баллонын шығарды. Алдын ала болжам бойынша, от пеш ақауларынан тұтанған. Ал, екінші өрт Черноярка ауылында Лесная көшесі, 16-үй мекенжайында болған. Оқиға туралы хабар сағат 01:21-де түскен. Құрылыс материалдары қызыл жалынның астында қалып, жалын үш бөлмелі жеке тұрғын үйді шарпыған. Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан жеті адам және екі техника сағат 3:25-те өртті оқшаулап, 5:15-те толығымен сөндірген. Сонымен қатар, жарылыстың қауіптілігіне қарамастан, № 35 өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау старшинасы Ербол Төкешов және өрт сөндіруші кіші сержант Қайрат Валеев тез арада екі газ баллонын үйден алып шығып, жарылыстың алдын алды.