Павлодарлық оркестр Италияда өнер көрсетуде
Бұл туралы агенттікке облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков айтты.
«Біздің музыканттар Қазақстан Республикасы мен Италия мемлекетінің дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығына орай Италияның 22 қаласында өнер көрсетеді. Олар 2017 жылдың 18 желтоқсаны - 2018 жылдың 10 қаңтары аралығында Рим, Милан, Солерно, Перуджа, Аппенин аралында концерт бермек. Концерттік бағдарламада Бородина, Чайковский, Масканьи, Верди, Моцарт, Россини, Штраус, Респиги және Мендельсонның шығармалары орындалады, - дейді Ардақ Райымбеков.
Оның айтуынша, гастрольдік турды, концертті ұйымдастырушы және дирижерлар - профессор Леонардо Куадрини және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Рахымжанов.
19 желтоқсанда концертті Аграпольдан бастаған симфониялық оркестр 21-23 желтоқсан күндері Милан қаласында, 8 қаңтарда Рим қаласында өнер көрсетеді. Гастрольдік іс-сапар 2018 жылдың 9 қаңтарында Салернода аяқталады.