Павлодарлық оқытушылар жаңа əліпбиге көшу мəселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда біліктілікті арттыру бойынша оқыту орталығында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқытудың әлеуметтік мәні мен маңызы» атты қазақ тілі оқытушыларына арналған онлайн семинар өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының хабарлауынша, аталмыш шарада латын графикасындағы қазақ әліпбиін оқытуда кездесетін мәселелер туралы онлайн-сабақтар өткізілді. Жалпыхалықтық реформаны жүзеге асырудың кезеңдері атап өтіліп, дәріс оқушылар тыңдаушыларға латынды енгізудің тиімді әдістері туралы ақпараттар берді. Онлайн семинарға облыстағы қалалар мен аудандардың қазақ тілі оқытушылары мен тіл мамандары қатысты.

«Жоспарға сәйкес мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлес салмағы 2014 жылы - 20%, 2017 жылы - 80%, 2020 жылға қарай - 95% -ға жетуі тиіс», - деді педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры Шынар Құрманбаева онлайн режимінде.

 «Қазтест» бағдарламасы бойынша қазақ тілін білу деңгейін бағалау емтихан тапсырудың нәтижесімен анықталады. 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аккредиттеуден өткен Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының үлесі 2014 жылға қарай - 30%, 2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100% болады».

Семинар барысында онлайн режімі арқылы қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып, қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру, жаңа ұлттық әліпбиді енгізу және көшу кезеңдерінде кездесетін негізгі аспектілер мен мәселелерді шешу жолдары туралы ақпарат берілді. 

Соңғы жаңалықтар