Павлодарлық оқушылар стақандардан пирамида құрастырудан жарысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы ұйымдастырған «Робот-пирамида» жобасы аясында оқушылар стақандардан пирамида жасаудан сынға түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Қалалық білім беру бөлімі мамандарының айтуынша, елордада өтіп жатқан «EXPO - 2017» халықаралық көрмесіне арналған жобаға Павлодар қаласындағы № 6, 14, 17, 18, 22, 24, 27, 28, 29, 30, 32, 34, 35, 39, 41 мектептерінің 3-9 сынып аралығында оқитын 159 оқушы қатысты. - «Робот-пирамида» жобасының бірінші кезеңі үш тапсырмадан тұрды. Әр командаға 50, 100, 150 стақаннан пирамида дайындау үшін екі минут уақыт берілді. Әділқазылар орындау жылдамдығы мен пирамиданың биіктігіне назар аударды, - дейді бөлім маманы Балжан Әділханова.

 Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын № 17 орта мектептің командасына бұйырса, екінші орынды № 22 және 24 мектеп командалары өзара бөлісті. Ал, үшінші орынды № 28 және 27 мектеп командалары еншіледі. Жеңімпаздар мен қатысушылар грамоталармен марапатталды. Ал белсенді қатысқандары үшін № 6, 35, 39 мектеп командаларына алғыс хаттар берілді.

Жобаның екінші кезеңі 26 маусым күні өткізіледі. 

Соңғы жаңалықтар