Павлодарлық оқушылар Мағжан оқуларында жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын және ұлттық ой-санасын қалыптастыру мақсатында ХІІІ республикалық Мағжан оқулары өтті. 

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, конкурсқа Қазақстанның 12 облысынан 48 оқушы қатысты, де хабарлайды pavlodarnews.k z.

«Толқынмен толқын сырласып...» (ақынның шығармашылығын зерттеу жұмысы), «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» (жас ақындар сайысы) тақырыптарында өңір намысын үш оқушы қорғады. Нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушылары Оразбай Марлен бірінші дәрежелі диплом мен ноутбук, Жанна Изюмская үшінші дәрежелі диплом мен  ұялы телефон иеленді. Сонымен қатар, Лебяжі ауданы Қазы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Тлеуберді Ақжол Солтүстік Қазақстан облысы білім беру басқармасының грамотасымен марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар