Павлодарлық оқушы Халықаралық олимпиадада үшінші орын иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Математика, физика, химия және информатика пәндерінен оқушылардың «Туймаада» XXIV-ші Халықаралық олимпиадасы 2017 жылғы 15-22 шілде аралығында Саха Республикасының (Якутия) Кіші ғылым академиясында өтті.

 Бұл туралы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Олимпиаданың мақсаты - негізгі ғылымдар саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен байланыс нысандарын кеңейту, оқушылар мен жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту, ынталандыру. Олимпиадаға 14 команда құрамында Румыния, Cингапур, Индонезия, Қазақстан, Татарстан, Мәскеу, Калининград облыстарынан, Новосібір қаласынан 145 оқушы қатысты.

  Жыл сайын қазақстандық оқушылар осы олимпиададан жүлделі табыстармен оралады. Биыл біздің республикадан 44 оқушы қатысты, оның ішінде 7 - Қазақстан құрама командасының мүшесі. Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Ярослав Басов қола медальға қол жеткізіп, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. 

Соңғы жаңалықтар