Павлодарлық құтқарушылар ақмолалықтарды Астана-Қостанай күре жолына жеткізіп салды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының құтқарушылары Ақмола облысындағы әріптестеріне су тасқынымен күресуге жәрдем беруде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлерінің тобы ауыл тұрғындарын және азық-түлік, дәрі-дәрмек, сондай-ақ Астана-Қостанай күре жолына дейін пошта тасымалдау жұмыстарын атқаруда, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өмірлік қажетті заттарды 44 шақырым жердегі елді мекендерге қайықпен жеткізуде.

Жолда павлодарлықтар Калутон ауылындағы көкшетаулық әріптестеріне қолұшын созды. Құтқарушылар Ягодное ауылында да су тасқыны жағдайы тұрақтағанға дейін жұмыс істейтін болады.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің өкімімен Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының 20 адамнан және 5 дана техникадан құралған тобы су тасқыны салдарын жойып, зардап шеккен халыққа көмектесу үшін Ақмола облысына келді.

Топ құрамына тәжірибелі қызметкерлермен бірге кәсіби шыңдалуы қажет жас мамандар да енгізілді. Техникалық топ өтімділігі жоғары техникамен жабдықталған; құтқарушыларда аспалы моторы бар резеңке қайықтар, қажетті құрал-саймандар бар. Межелі жерге - Астрахан ауданы, Ягодное ауылына келген құтқарушылар тиісті тапсырмаларды орындауға кірісіп кетті. 

Соңғы жаңалықтар