Павлодарлық колонияның экс-басшысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда дзюдо бойынша ел чемпионы Бауыржан Әбдікәрімовті азаптап, өзіне-өзі қол жұмсауға итермеледі деген айып тағылған түзету мекемесінің үш қызметкеріне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі № 2 соты үш сотталушыны да кінәлі деп тапты. Дегенмен колонияның бұрынғы басшысы Ернұр Саспановтың ғана мүлкі тәркіленіп, төрт жылға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан айырылды. Ол орташа қауіпсіздік түзету мекемесінде, яғни жалпыға ортақ колонияда жазасын өтейтін болады. Режімді бөлімнің бұрынғы басшысы Ержан Канкин және жедел уәкіл Қайырбай Мұқановқа үш жылға шартты мерзім берілді және үш жыл белгілі бір қызметте лауазымға ие болуға тыйым салынды.

null

 - Ернұр Саспановқа қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану айыбы тағылды, - деді мемлекеттік айыптаушы Елена Белова. «Сотталушы өзін жарақаттаған кезде түзету мекемесінің басшысы шешім қабылдамаған, керісінше, оны айыппұл оқшаулағышына орналастырмау туралы үкім берген. Әрі қарай Әбдікәрімов азаптауға ұшыраған. Нәтижесінде психологиялық тұрғыдан шыдай алмаған соң, 2016 жылы 24 ақпанда өзіне-өзі қол жұмсаған». Саспановты өткен жылы 18 ақпанда басшы қызметіне тағайындаған сәттен бастап, 26 ақпанда өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы орын алғанға дейін сотталушы басшы ретінде бірнеше күн ғана жұмыс істеген. Режімдік бөлімнің басшысы Канкин мен жедел уәкіл Мұқановқа қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану, азаптау және өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеу жөнінде айып тағылды. Мемлекеттік айыптаушы тарап сотты барлық үш сотталушыны кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айыруға бағдарлады. Дегенмен сот сотталушылардың біреуіне ғана нақты мерзімге үкім шығарып, қалғандары шартты түрде жаза алды.  Сот бұрынғы үш қызметкерге де қайтыс болған адамның төрт туысының әрқайсысына 750 мың теңге моральдық шығын төлеуді міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар