Павлодарлық көліктердің жылдамдығын 37 өлшеуіш бақылайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық көліктердің жылдамдығын тәулік бойы автоматтық режимде 37 жылдамдық өлшеуіш бақылайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  облыс аумағында «Redspeed» атты   жылдамдықты өлшейтін және бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен көліктерді анықтаудың 27 жүйесі, үш интеллектуалды жүйе және он «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешені бар. 

Барлық бақылау жүйелерін орнату нүктелерін жергілікті полиция қызметі белгілейді. Олардың әрбіреуі  6-11 метр биіктікке орналастырылуы тиіс.  Көлік жылдамдығын асырғанын түсіріп алатын жылдамдық өлшеуіштері  Кутузов көшесі, 3/2, 46/1, 75,  203, 287, Лимонная, 31, Қамзин, 72, Мир, 17, Суворов, 15, Торговая, 7, «Мечта» СҮ қарама-қарсы Ломов, 149,  «Агродизель» дүкенінің қасында Чкалов көшесі бойымен, «Тойота орталығына» қарсы тас жолда, Сәтбаев-Достоевский, Ленин-М.Горький 10 көшелерінің қиылысында, Кіші айналмалы жол, 5 мекенжайына қарсы  орналасқан.  Жылдамдықтан басқа, тоқтау сызығынан асып түсетін және бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен көліктерді түсіріп алатын құрылғылар Кутузов-Кривенко, Бекхожин-Майра, Кутузов-Торайғыров, Кутузов-Ломов, Кутузов-Толстой, Кутузов және Жаяу Мұса, Естай және Бектұров, Бекхожин-Ткачёв, Катаев-Шөкин көшелерінің қиылысында бар. Сонымен қатар, Торайғыров көшесі, 77 үйіне қарсы, Сәтбаев, 21/1 «Қазкоммерцбанк» АҚ-на қарама-қарсы, Торайғыров көшесі, 101 ІІД-не қарсы, Қамзин, 167 «Сургут» СҮ, Торайғыров көшесі, 26 үйіне қарсы, Естай көшесі, 101 және 150-ші үйге қарсы осындай жылдамдық өлшеуіштер бекітілген. Бұдан басқа, Павлодар - Қашыр, Павлодар - Лебяжі, Павлодар - Ленин кенті, Павлодар - Шарбақты және Павлодар  Успен тас жолында жылдамдықты асырсаңыз, бейне камераларға түсіп қалуыңыз мүмкін.  

Барлық ақпарат құпия түрде сақталып, адамның араласуынсыз ІІД-нің жүйеленген орталығына жіберіледі. Кейін, орталықтың мамандары ҚР ІІМ-нің мәлімет базасы бойынша айыппұлды жол ережесін бұзған көлік иесінің үйіне «Қазпошта» арқылы жібереді. Айта кетерлігі, Павлодарда мұндай құрылғылар 2011 жылдың желтоқсан айында алғаш рет қолданысқа енгізілген.

Соңғы жаңалықтар