Павлодарлық эколог бес жылға сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі № 2 соты «Мир экологии» ҚБ басшысының орынбасары Ержан Оразалиновты бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ол  жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Сотталушының адвокаты Наталья Любимова тілшілерге сот үкіміне шағымданатынын мәлім етті.

Еске сала кетейік, мемлекеттік айыптаушы Гүлден Ыдырысова соттан экологты жалпы режимдегі колонияда жеті жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Айыптаушының айтуынша, Оразалинов «Дельта-9» ЖШС-ның басшысы Виталий Якусовичтен 10 мың доллар талап еткен. Есесіне, ол фирманың беделіне нұқсан келтіретін мәліметті жасырын сақтауға уәде берген. 2016 жылдың сәуір айында «Квазар» сауда үйінде эколог Якусевичтен 300 мың теңге алған. Сыйақының екінші бөлігі экологқа Small сауда үйінің қасында берілген. Бұдан кейін Ержан Оразалинов қылмыс үстінде экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерінің қолына түскен.

Соңғы жаңалықтар