Павлодарлық дәрігерлер жеті айлық егіздердің өмірі үшін күресуде

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда дәрігерлер 28-ші аптада туған егіздердің өмірін сақтап қалу үшін барын салып жатыр. Нәрестелер Ақтоғай ауылынан Павлодарға санавиациямен жеткізілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

«Сәбилер қазір ауыр халде, анасы олармен бірге. Қазір дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін барын салуда», - дейді Павлодар жедел медициналық жәрдемінің баспасөз қызметіндегілер.

Жетінші айда өмірге келген сыңарлар Ақтоғайдағы аудандық орталық ауруханада жансақтау бөлімінің болмағандықтан облыс орталығына жеткізілген. Жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері бұл мәселеде пікір білдіруден қалыс қалып отыр.

Соңғы жаңалықтар