Павлодарлық дәрігер елдегі денсаулық сақтау саласының «Үздік менеджері» атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық жедел медициналық көмек станциясының бас дәрігері Қанадан Ахметжановқа Қазақстандағы денсаулық сақтаудың «Үздік менеджері» атағы берілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Ол Астанаға арнайы шақырту алып, ҚР Денсаулық сақтау министрінің грамотасымен және 2017 жылғы «Үздік менеджер» стелласымен марапатталды. Қанадан Ахметжанов бұл салада ұзақ жылдар бойы еңбек етуде. Оның іскерлігінің нәтижесінде Павлодардың жедел жәрдем станцияларының жұмысы жанданып, жаңа құрылғылармен жабдықталуда.

 Атап айтар болсақ, қазіргі уақытта Павлодар облысының жедел медициналық көмек станциясын жүйелендіру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Бірыңғай диспетчерлік қызметі енгізіліп, навигациялы жүйе, телебайланыс, телефон орнату, ғаламтормен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Ақсу және Екібастұз қалаларының жедел жәрдем бригадаларында дистанционды ЭКГ енгізілген. Сондай-ақ, барлық жедел жәрдем бригадалары медициналық құралдармен, ноутбуктармен, компьютерлемен жабдықталған. Бұдан бөлек, көліктерге газ құрылғысын орнату арқылы жанармайды 20 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік туды.  

Соңғы жаңалықтар