Павлодарлық әуесқой-кондитер салмағы 70 келі торт пісірді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Әуесқой-кондитер Ольга Гуляева өз туған ауылы бейнеленген салмағы 70 келі болатын торт пісіріп, Павлодарское ауылының тұрғындарына дәм татқызды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

Ольга Гуляева торт пісірумен 18 жыл көлемінде айналысып келеді екен.

«Тортты өзім пісіріп үйрендім, қазір биіктігі 30 см дейінгі тортты дайындай аламын. Әкіміміз Аждар Жүсіпов үлкен торт пісіру жөнінде ұсыныс жасағанда мен бірден келістім»,-дейді ол.

Ауыл әкімі Аждар Жүсіповтың айтуынша, тортты дайындауға жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасаған.

 Салмағы 70 келіні құрайтын торттың биіктігі - 1,52 см, ені - 1,25 см.  

null 

Соңғы жаңалықтар