Павлодарлық алғашқы егіздер СМС арқылы балабақша кезегіне тұрды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Павлодар перинталдық орталығындағы егіздердің анасы Меруерт Нұрғазиноваға туу туралы куәліктерін табыс етті, деп хабарлайды pavlodarnews.

Әлихан мен Әмірханның анасына олардың туған күні балалардың туғанын тіркеу ұсынысымен құттықтау СМС хабарламасы келді. 1414 қысқа нөмірден келген барлық сұрақтарға жауап берген соң, Меруерт Нұрғазиноваға куәліктің дайын болғандығы мен оны алуға болатыны жөнінде хабарлама түсті.

Бұдан кейін проактивті мемлекеттік қызмет арқылы Меруерт балаларды балабақшаға кезекке қойды. Сонымен қатар, жас анаға баланың тууы мен бала күтіміне байланысты жәрдемақы ресімдеуге байланысты келесі кезеңнен өту қажет болады.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Меруертке және оның сәбилеріне мықты денсаулық және проактивті үлгіде қызметтерді алып, уақыт талабынан қалмай ілесуді жалғастыруды тіледі.

Қазіргі таңда Павлодар облысы бойынша проактивті үлгіде туу туралы куәлікті жеті ата-ана алған.

Соңғы жаңалықтар