Павлодардың автобустары аязда істен шыға бастады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  Павлодардағы автобустардың 27 пайызы қатты аяздың әсерінен екі сағат жұмыстан кейін рейстен шығып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бізде пайдалану мерзімі 17-20 жылдан асқан ескі автобустар бар. Ескі техника аязда істен шыға бастады. Уақытында оларды қайтадан паркке әкеліп жылыттық, қажетті бөлшектерін ауыстырып, қайта жолға салдық. Таңертеңгі 10 кезінде біздің автобустардың 73 пайызы жолда жүрді,-деді ТҮКШ бөлімі басшысы Марат Асылбеков.

М. Асылбековтың айтуынша, қатты аяздарға байланысты автокөлік кәсіпорындары кезекшілік режимде жұмыс істеген. Жөндеу бригадалары құрылып, қажетті автобөлшектер, тіпті қосалқы жүргізушілер де алдын ала дайындалған.

«Таңғы тоғызда автобустардың 92 пайызы жолға шықты. Ауылдық және қалаішілік тасымалдың барлығын қамтамасыз еттік. Трамвайлар 100 пайыз жүріп тұрды. Бірақ -42 градус оңай емес, аяздың аты аяз. Суықтан ескі автобустар сыр бере бастады»,-деді М.Асылбеков.

Соңғы жаңалықтар