Павлодардағы жәрмеңкеде 50 тонна өнім сатылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қатты аязға байланысты екі апталық үзілістен кейін облыс орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.



Онда Баянауыл, Успен, Лебяжі және Павлодар аудандарының, сондай-ақ Павлодар және Ақсу ауылдық аймақтарының 150-ге жуық  фермері өз өнімдерін ұсынды.

Олар жәрмеңкеге ірі қара, жылқы, қой, құс еттерін, 15 тонна картоп, 9 тонна сәбіз, 3 тонна қызылша, 6 тонна қырыққабат шығарды. 1 келі көкөністің бағасы орташа 75-80 теңге маңайында болды. Ірі қараның сүйексіз еті 1400 теңге, қабырғасы, төсі 1100-1200 теңге айналасында сатылды.

2017 жылы Павлодар облысында ауыл шаруашылығының 677 жәрмеңкесі өткізіліп, 2 миллиард теңгенің өнімі сатылған еді.



Соңғы жаңалықтар