Павлодардағы мұнай-химия зауыты дизельді режимге көшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар мұнай-химия зауытының жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг жөніндегі вице-президенті міндетін атқарушы Данияр Тиесов аталған мұнай зауытындағы жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатындығы туралы айтты.

«Павлодар МХЗ жөндеу жұмыстарына келер болсақ, кеше зауытқа қажетті тетік жеткізілді және бүгін таңертең шетелдік дәнекерлеушілер тобы келді. Жөндеу жұмыстары 20 желтоқсанда аяқталуы тиіс. 25 желтоқсанға қарай Павлодар МХЗ барлық отын түрлері бойынша толық өндіріс көлеміне көшеді», - деді ол.

Тиесов Ресейден дизель отынын жеткізудің ұйымға шығын әкелетінін мойындады, сондықтан МХЗ жұмысы сәл өзгертілгендігін айтты.

«Ресейден дизельді отын жеткізуде елеулі шығындарға тап болғандықтан, келесі аптадан бастап, Павлодар МХЗ жұмыс режимін дизельді отынды көптеп шығаруға бағыттаймыз. Яғни, қазіргі уақытта Павлодар зауытында тәулігіне 800 мың тонна отын өндірсек, дизельді режимге көшкен соң, шығарылатын өнім тәулігіне 3,5 мың тоннаға көбейтіледі», - дейді Тиесов.

Соңғы жаңалықтар