Павлодардағы Ленин көшесі Астана болып қашан өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Ленин көшесі Астана атауын алады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Бұл туралы қалалық мәслихат сессиясында депутат Мақсат Айтышев айтты.

«Біз барлық жұмыстарды 1 желтоқсанға дейін аяқтауды көздеп отырмыз. Үлгермесек, 16 желтоқсанға дейін көше атауын өзгертеміз», - деді Мақсат Айтышев.

Еске салайық, облыс әкімдігіне қаланың құрметті азаматтарынан Ленин көшесін Астана деп өзгерту бойынша ұсыныс түскен. Осыған байланысты қала әкімдігі қаулы шығарып, мәслихатқа жолдады. 16 желтоқсан күні тұрақты комиссия депутаттарының қатысуымен халық алдында тыңдау өткен болатын. Сол кезде сегіз депутаттың жетеуі қолдау білдіріп, тек Виктор Деймунд қарсы шыққан. Бүгін сессия кезінде 20 депутаттың барлығы Ленин көшесін елорда атына ауыстыру бойынша оң дауысын берді.

Соңғы жаңалықтар