Павлодардағы колонияда жазасын өтеушілер кәсіпкерлік негіздерін үйренді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға кәсіпкерліктің негіздері үйретілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Павлодар облыстық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бір жылдың ішінде бостандыққа шығатын сотталушылармен «Бизнес-кеңесші» атты қысқамерзімді семинар өткізді, деп хабаралйды Павлодар облыстық қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің баспасөз қызметі. 30 сотталушы бизнес-жоспар жасауды, жеке кәсіпкерлік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, шаруа қожалық ашуды үйренді.
Бизнес-жобаларын қорғағаннан кейін әр сотталушыға сертификат табысталды. Бұл құжатты иеленген жандарға бостандыққа шыққаннан соң көмек алуға мүмкіндік беріліп, жеке кәсіпкер болуға жол ашылады.

«Бизнеске үйретудің қысқамерзімді курсы - қоғамдық өмірге жаңа мәртебемен дайын түрде оралуға мүмкіндік береді, - деді бизнес-тренес Ақмарал Сайтқұлова.

«Сондықтан бүгінде біз сотталушыларға кәсіпкерліктің негізі туралы материал бере отырып, бизнес-тренингтер өткізіп жатырмыз, бизнесті жүргізу бойынша практикалық кеңестер берудеміз».

2 3 

Соңғы жаңалықтар