Павлодардағы колонияда киіз үй жасала бастады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев Павлодар колониясында жасап шығарылған киіз үйлерді сатуға көмектесуге уәде етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодарда қылмыстық жазалауды жүзеге асыратын, қылмыстық-құқықтық ықпал етудің басқа да шаралары мен қылмыстық жазасын өтеп шыққан адамдарға көмек көрсететін мекемелердің жұмысына жәрдемдесу бойынша консультативтік-кеңесші органның (ККО) қатысушылары Павлодар облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты үш колонияның өнеркәсіптік аймақтарында болды.

«Еңбек Павлодар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бөлімшесінің директоры Нұрлыбек Сердалин атап өткендей, 2017 жылы компания құрылыс материалдары, ПВХ, металл және ағаш өңдеу, тігін бұйымдары, киіз үйлер мен осыған ұқсас заттарды өндіретін шағын және орта бизнес өкілдерімен қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасады.

Тағы бір жаңалық - негізгі өндіріс базасы ауылда орналасқан АП-162/2 колониясынан «Павлодар Юрта» ЖК өндірісінің ашылуы.

Киіз үй өндірісінің негізін оқып шыққаннан кейін бұл кәсіпорында екі сотталушы жұмыс істей бастаған. Кәсіпорын бас директоры Вячеслав Гайдучканың айтуынша, олардың айлық жалақысы 26 мың теңге, деп хабарлайды ҚАЖ баспасөз қызметі.

«Жігіттердің жұмысына ризамын, - деп атап өтті В. Гайдучок. Бұдан бұрын сотталушылардың бірі жазасын өтеп шыққаннан кейін менің Кенжекөл ауылында орналасқан негізгі өндірісімде жұмыс істеді. Бір айдың ішінде төрт киіз үй жасап шығара аламыз. Тәжірибеміз бар, киіз үйлерді электролиз және алюминий зауыттары үшін жасап шығардық. Киізді әзірге сатып алып жатырмыз, қажетті құралдар бар, бірақ оның технологиясын әзірге меңгермедік. Цех тапсырыс берушінің талғамына қарай кез келген көлемдегі киіз үйді жасалады, тіпті қажет болса жылытатын еденін де дайындайды. Оның құны көлеміне байланысты. Мысалы, алты қанатты киіз үй 700 мың теңгеден басталады. Тапсырыс арқылы цехта жұмыс істейтін сотталушылар санын арттыруға мүмкіндік бар», - деді комиссия мүшелеріне кәсіпкер.

ККР төрағасы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев кәсіпкерге киіз үйді саудалау жағынан көмектесуге уәде етті. 

Соңғы жаңалықтар