Павлодарда жылу трассасында ірі өрт орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда жылу трассасында ірі өрт орын алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Павлодар жылу желілері» ЖШС № 3 жылу электр орталығының 150 метр жылу трассасы қызыл жалынға оранып, оқшаулағыш қаптама өртенген. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Қасында қуарған ағаш болған. Мүмкін от қурап қалған шөптен жылу трассасына ауысқан шыар», -  дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің қызметкері Марал Сағынова.

- Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына   12.24-те шығып, 2 сағат ішінде ауыздықтаған. Дегенмен, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бұл жағдай қаланың жылу маусымы дайындығына еш кедергі келтірмейді деп сендіруде.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы Олеся Емельянованың айтуынша, өрт 2 және 3 ЖЭО-ның арасындағы технологиялық тосқауылда орын алған. - Тілсіз жау жылу маусымына еш әсер ете қоймайды. Қазірде өрттің себептері анықталуда. Қасақана біреу  от қойған деген жорамал бар, - деді Олеся Емельянова.  

Соңғы жаңалықтар