Павлодарда жоғалып кеткен 18 жастағы Ольга Берестова табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда Жаңа жыл мейрамының қарсаңында жоғалып кеткен Ольга Берестова аман-есен табылды. Бұл туралы Ольганың анасы Надежда Берестова айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 «13 қаңтар күні қызымды іздеп таптым, ол аман-есен, жағдайы қалыпты. Осы күнге дейін не себепті үйге келмегенін айта алмаймын, отбасы ішіндегі жағдайларға байланысты.  Бірақ, қызым әлі үйіміздің табалдырығын аттамады, енді ол біз сатып алған үйде жалғыз өзі тұратын болды. Қазір отбасылық жағдайларға байланысты мен Астана қаласындамын, өйткені жұбайым инсульт алып еді, ота жасауға келдік», - дейді қапаланған ана.

Естеріңізге сала кетсек, музыкалық колледжде оқып жүрген 18 жастағы Ольга Берестова 30 желтоқсан күні үйінен шығып, қайтып келмеген. 

Соңғы жаңалықтар