Павлодарда жоғалған оқушылар табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Типичный Павлодар» тобында хабарланғандай, 13 жастағы Әйгерім Рахман дін-аман табылды.

«Ол Екібастұз қаласында болды. Туғандары оқиғаның мән-жайын жариялағысы келмейді. Ақпарат қыздың жоғалғандығы туралы хабарламаны желіге бірінші болып орналастырған К.Кудрявцевадан алынды», - делінген постта.

Еске салсақ, Павлодарда тұратын мектеп оқушысы Әйгерім Рахман 26 қыркүйек күні сабақтан кейін жоғалып кеткен. Толық отбасында тұрады. Мектепте оны үлгерімі жақсы, мінезі сабырлы қыз ретінде сипаттайды. Ә.Рахманды полицейлермен бірге еріктілер де іздестірді.

Сондай-ақ «ВКонтакте» желісіне орналастырылған аталмыш хабарламаның астына Анастасия Титкова есімді пайдаланушы, бүгін Әйгерім Рахманмен бірге 11 жастағы ұл да табылғанын жазды.

«Бүгін құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарады! Қыз баланы да, ұлды да тапты. Жарайсыздар, рахмет сіздерге! Мұндай суық күні келіп, бізбен бірге үйлерді аралап, әр бұтаны тінтуге көмектескен баршаларыңызға да үлкен рахмет айтамын. Бастысы екеуі де аман-есен табылды. Естімегендеріңіз болса, бүгін 11 жастағы ұл бала жоғалып кеткен болатын», - деп жазды ол. 

Соңғы жаңалықтар