Павлодарда жаңа концерт залы бой көтереді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда 1500 көрерменге арналған жаңа концерт залы салынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«1200 адамға арналған үлкен концерт залын саламыз. Біріне 1200, екіншісіне 300 адам сыятын екі зал болады», - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесінуде.

Әкімнің айтуынша, жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр, жуық арада концерт залын салуға құйылатын қаржы қай ресурстардың есебінен алынатыны анықталады.

«АХАТ бөліміне де жаңа ғимарат салып беруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі АХАТ бөлімінің қайда орналасқанын өздеріңіз жақсы білесіздер, жас жұбайлар үшін ол жерге бару ыңғайсыз. Жоспар өте көп. Жұмыс істейтін команда да бар», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар