Павлодарда заңсыз салынған автокөлік жуу бекеті үш айдың ішінде тұрғын үйге айналуы тиіс

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының мамандары заңсыз пайдаланып жатқан жерлер бойынша рейд жасады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Құжат бойынша  тұрғын үй болуы керек Ломов  және 1 Май көшелерінің қиылысында автожуу бекеті орналасқан.  

- Өздеріңіз көріп тұрғандай, кәсіпкер оған берілген жерді мақсатты түрде қолданбаған. Аталмыш автожуу бекетінің директоры әкімшілік жазаға тартылды. Егер ол үш ай ішінде қателікті дұрыстамаса немесе пайдалануға алған жердің бағытын өзгертпесе, бұл аумақ иесінен тартылып алынады, - деді облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бөлім басшысы Болат Медеу.

Сондай-ақ шенеуніктер журналистермен бірге Бестужев 10/2 мекенжайындағы бос тұрған учаскіге барды. Бұл жер 2010 жылдан бері сатып алу-сату негізінде жеке меншікке берілген, содан бері жеті жыл бойы қаңырап тұр.

- Қазіргі уақытта біздің басқарма 18 нысанда бақылау жұмыстарын жүргізді. Жалпы, облыста жерді мақсатты түрде пайдаланбау бойынша 26 факт тіркелді, оның 20-сы қалаға тиесілі. Тоғыз талап арыз сотқа жіберілді, оның алтауы ауыл шаруашылық аумақтарға тиесілі болса, біреуі Екібастұз бен екеуі Павлодарға қарасты, - деді облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Сейітжан Жұмашев.

Айта кетейік, 2016 жылы мұндай шаралар негізінде қолданылмай жатқан 218 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. 100 мың гектар жер иелері өз аумақтарын мақсатты түрде пайдалануға кірісті.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының аумақтарында да тұрақты түрде тексеріс жүргізіледі. 340 мың гектар жерді пайдаланбаған кәсіпкерлерге айыппұлдар салынды. Оның 25 миллион теңгесі төленді.

Соңғы жаңалықтар