Павлодарда ұрланған заттарды сатып алған бойжеткен ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Павлодар қаласының тұрғыны ұрланғанын біле тұра бағалы заттарды сатып алғаны үшін айыпталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Полицейлер 35 мың теңгеге ұрланған ішік пен ноутбук сатып алған 24 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын қолға түсірді. Бойжеткен бағалы заттарды туысынан сатып алған. Ұсталған бойжеткен арзанға ішік пен компьютерді сатып алу арқылы жауапкершіліктен жалтарам деп ойлаған», - деп хабарлайды ведомстводан.

Қазіргі уақытта осы фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабы 1-бөлімі «қылмыс жолдарымен алынғанын біле тұра, мүлікті сатып алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сотта күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда, оған үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Немесе заң бұл жағдайда айыпталушыны 75 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу санкциясын қарастырады.

Соңғы жаңалықтар