Павлодарда «Ұлы Дала өрнегі» көрмесі ашылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат  - Павлодар облыстық көркемсурет музейінде жергілікті суретші Өсербай Аманжолұлы Шорановтың «Ұлы Дала өрнегі» атты мерейтойлық көрмесі ашылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары бұл көрмені 2018 жылдың 14 қаңтарына дейін тамшалайтын болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

null 

 Өсербай Аманжолұлы Шоранов 1952 жылы 15 қазанда Павлодар облысының Грязновка (қазіргі Мәмайт Омаров) ауылында дүниеге келген. Суретші білімін Алматыдағы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде жетілдірген. Ол танымал кескіндемеші, ҚР Еңбегі сіңген өнер қайраткері Мұхит Калимов, дарынды суретші, ҚР Еңбегі сіңген өнер қайраткері Марис Хитахунов және Көркемсурет академиясының академигі, халықаралық сыншылар мен өнертанушылар қауымдастығының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Амандос Аканаевтан тәлім алған. Өз шығармашылығына белсенділікпен сергек қарайтын Өсербай Шоранов үнемі Қазақстанның түкпір-түкпірінде өтетін суретшілер пленэрінде жұмыс істейді. Баянауыл, Бурабай, Көкшетау мен Астана, Қызылорда, Семей, Шымкент, Атырау өңірлерінде жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық, халықаралық пленэрлерде әріптестерімен бірге табиғат аясына шығу, еңбек ету суретшінің өмірлік ұстанымына айналған. Әрине, пленэрлік жұмыста дала келбетін суреттеу - туған жерге деген үлкен сүйіспеншіліктің бір айғағы. Көрме қылқалам шеберінің 65 жас мерейтойына арналған. Суретші Өсербай Аманжолұлы «Ұлы Дала өрнегі» атты бұл көрмесіне қазақ жеріне тән әдемі пейзаждарын, дала тылсымын әсерлі бояумен шынайы жеткізе білген. Кең жазира даланың әсем келбетін, сыр-сипатын беру арқылы еліміздің табиғатын сүйіспеншілікпен бейнелейді. Оның шығармашылық тұғыры сан алуандығымен ерекшеленеді. Көрмеге 100-ден аса кескіндеме жанрында орындалған туынды ұсынылып отыр. Қылқалам шебері пейзаж, портрет және тақырыптық суреттер бағытында жұмыс жасайды. Жеке шығармашылық стилі мен тақырыптық шешімдеріне нәзік ұлттық нақыш тән. 

null null null null 

Соңғы жаңалықтар