Павлодарда тұрғындарға тегін 5 мың балмұздақ үлестірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда қалалық саябақта жергілікті кәсіпорын 25 жылдығына орай қала тұрғындарына 5 000 тегін балмұздақ таратты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

«Біз бүгін қуанышымызға ортақ болу үшін барлық қалалықтарды шақырдық, - дейді «Әйгерім» ЖШС фирмасының бас директорының орынбасары Юлия Ярулина. - 5 000 тегін балмұздақ дайындалды. Бір сағат ішінде біздің қызметкерлер үш мыңға жуық балмұздақ таратты. Конкурстың шарты қиын емес, кез келген адам бес ойын алаңының біріне барып өлең, ән айтады, сурет салады немесе жүргізушінің тапсырмасын орындап балмұздаққа айырбасталатын талон алады».

Айта кетейік, кәсіпорын бас директоры, қалалық маслихат депутаты Михаил Желнов «Туған жер» жобасының «Мектебіме тағзым» акциясы шеңберінде өзі оқып шыққан №9 мектепке мультимедиалық кабинет ашып берді. Ол сыныпты күрделі жөндеуден өткізіп, төбесін ауыстырып, ролл пердесін орнатқан. Сонымен қатар 30 жаңа парта мен Павлодарда жасалған жиһаздарды алып берді. Барлық жұмыстарға бір миллионға жуық қаржы жұмсаған.  

Соңғы жаңалықтар