Павлодарда тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыста қаза тапқандарға ескерткіш орнатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыста қаза тапқандарға арналған ескерткіш орнату жоспарлануда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалында облыс әкімі Болат Бақауов «Айбын» үйлестіру кеңесінің мүшелерімен кездесуі барысында айтылды. Мұндай ұсынысты тәжік-ауған соғысы ардагерлер кеңесінің жетекшісі Геннадий Козак білдірді. Оның айтуынша, аталмыш қоғамдық ұйымның құрамында 80-нен астам адам бар. Бүгінде тәжік-ауған шекарасында орын алған карулы қақтығыстан 50-ден астам қазақстандық сарбаз қаза тапқан екен. 1995 жылы тек Пшихавр шатқалында 17 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, 400-ден астам Қазақстан жауынгері жарақат алған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Әуе-десанттық ардагерлер» ұйымы Павлодар қалалық филиалының төрағасы Чмых Алексей Павлодар қаласында жасөспірімдерге әскери жаттығулар өткізетін және патриоттық тәрбие беретін орталық ашуды ұсынды. Аталмыш қоғамдық ұйымның ұсыныс тілектерін тыңдаған облыс әкімі Болат Бақауов аталған мәселелердің барлығы алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, «Айбын» үйлестіру кеңесі биыл құрылған болатын. Құрамында жауынгер-интернационалистер, тәжік-ауған соғысына қатысушылар, чернобыльдіктер және ішкі істер депрартаменті мен  аэроұтқыр әскерлерінің ардагерлері бар.  

null  

Соңғы жаңалықтар