Павлодарда Тәуелсіздік күні қарсаңында 144 отбасы баспаналы болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда Тәуелсіздік күніне орай тоғыз қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Кутузова көшесі, 233» мекенжайындағы 144 пәтерлі тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерді.

«Бүгін біз Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында қуанышқа кенеліп отырмыз, - деп тұрғындарды құттықтады Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. - «Нұрлы жер» аясында біз осыған дейін бес көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға бердік. Бірнеше жыл бұрын осы жер бос жатқан еді, бір жарым жыл ішінде зәулім үйге бой көтерді. Пайдалануға берілгелі тұрған тұрғын үйдің маңында «Рухани жаңғыру» инсталляциясы орналасқан. Ол да көшеге көрік сыйлайды. Елімізден береке мен бірлік кетпесін. Мереке баршаңызға құтты болсын».

Жаңа баспана сатып алу құқығымен жалдамалы түрде берілді. Бір шаршы метрі 1060 теңгені құрайды. Үй құрылысын «Байтерек Девелопмент» АҚ инвестициясына «Шаңырақ - 14» ЖШС жүргізді. Құрылыс құны - 1 миллиард 595 миллион теңге. 

Соңғы жаңалықтар