Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 332.80
EUR 390.57
RUB 5.60
CNY 49.88

Павлодарда тас және бұқа көтеруден жарыстар өтеді

Павлодарда тас және бұқа көтеруден жарыстар өтеді
2017 жылғы 12 тамыз 06:11 494

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12-13 тамыз аралығында Павлодар қаласында өтетін «Ұлы дала елі» фестивалінің шеңберінде ат спорты түрлерінен бұқаралық іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күндері павлодарлықтар мен өңір қонақтары үшін келесі спорт түрлерінен жарыстар өтетін болады: аударыспақ - 80 келіге дейін және 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде; теңге алу; 90 келіден астам абсолютті салмақ дәрежесінде ересектер арасында қазақ күресі; көкпар (үлгілік өнер көрсетулер); асық ату; құсбегілік (үлгілік өнер көрсетулер); тас көтеру; бұқа көтеру; гір спорты: 80 келіге дейін және 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде; армрестлинг: 80 келіге дейін және 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде; арқан тарту.

Сондай-ақ «Ұлы дала елі» фестивалінде кішкентай бүлдіршіндер үшін де әртүрлі алаңдар ұйымдастырылады. «Бүлдіршін әлемі» сегіз алаңнан тұратын болады: «Кел шырқайық!», «Этноауыл», «Бала барысы», «Арқан тарту», «Ханталапай», «Тоғызқұмалақ COLD», «Мәңгілік ел» суреті», «Шығармашылық МІХ».

«Этноауыл» алаңында төрт киіз үй орнату жоспарлануда (Екібастұз қаласы, Қашыр, Павлодар, Шарбақты аудандарының білім беру бөлімдері). Балалар қазақ халқының тұрмысымен, дәстүрлерімен танысады, педагогтар ұлттық шығармашылық, асхана және әдет-ғұрыптар бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. «Бала барысы» алаңында 10-16 жас аралығындағы балалар арасында «Қазақша күрестен» жарыстар ұйымдастырылады. «Арқан тарту» мен «Ханталапай» алаңдарында турнирлер өтеді. «Тоғызқұмалақ GOLD» алаңында бір уақытта тоғызқұмалақ бойынша 10 үстелде ойын сеансы ұйымдастырылатын болады. «Рухани жаңғыру» суреті» алаңында Қазақстан Тәуелсіздігінің  25 жылдығын бейнелейтін 25 метрлік кенепте «Туған жер» тақырыбында үздік сурет конкурсы өтеді. «Шығармашылық MIX» алаңында оқушылар сарайы, № 1,2 көркем сурет мектептері, Павлодар қаласының балалар техникалық мектебінің қосымша білім беру педагогтарымен бисер өру, киіз басу, тігу, ұлттық нақышта тоқу бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі. «Relax алаңында» ұлттық ойындардың демонстрациясы, сонымен қатар көңілді эстафеталар және жарыстар өтеді.

 

 

Басты сөздер: Рухани жаңғыру, Туған жер, Павлодар облысы, Қоғам, Мәдениет,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер