Павлодарда такси жүргізушісін өлтіріп кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Полиция  Павлодар-Омбы күре жолының бойынан такси жүргізушісі Азамат Ұйықбаевтың мәйітін тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  ХАА Павлодар облыстық ІІ департаментіне сілтеме жасап.

«Мүрдені 19 желтоқсанда тапты. Жас жігітті белдікпен қылқындырып өлтірген. Үш адамға күдік келтіріліп отыр. Олар адамды тұншықтырған, содан кейін денесін жол бойына тастап, автомобильді айдап кеткен», - дейді полициядағылар.

Азамат Ұйықбаев 13 желтоқсанда із-түзсіз жоғалған.

Туған-туыстарының айтуынша, Набережное ауылынан «Лада 2110» автомобилімен шығып, Павлодардағы жұмысына кеткен. Шамамен 19:00-де телефон арқылы әйеліне өзінің автовокзалда екендігін хабарлаған. Кейінірек телефоны өшіп қалған.

 Қылмысқа түрмеден шыққан үш адам күдіктелуде.

Соңғы жаңалықтар